Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр
Түркістандағы Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Уәлихан Бишімбаев осы мәселені көтерді.
«Яссауи ескерткішінің бүкіл тарихында болмаған сары дақтар қазір Қожа Ахмет Яссауи қабірінің тассүңгісінде және қазандығында байқалып отыр, мұны сарапшылар айғақтап берді. Бұл тассүңгінің қирауына алып келуі мүмкін және кесененің өзіне үлкен қауіп төндіріп тұр. Түркістан тәуелсіз Қазақстанның рухани астанасы, сондықтан, кесенені сақтау тек ескерткішті ғана емес, біздің рухани мұрамызды сақтау мәселесі болып отыр», - дейді депутат.
Оның сөзіне қарағанда, 1952 жылдан бастап кесенені сақтау бойынша объективті техногендік және табиғи себептерден туындаған әртүрлі проблемалар бірнеше мәрте болған.
Алайда, нысанды жаңғырту кезінде құрылыс материалдарының дұрыс таңдалмағандығынан бірқатар проблемалар туындағанын сарапшылар анықтапты.
Мәселен, Қазандық күмбезінің қаланған тастарында, күмбездің аралығында тұзды сылақ байқалса, ал 1993-2000 жылдарға дейін жүргізілген жаңғырту жұмыстарында ондай тұз болмаған. Қаланған тастардағы тұз күмбезді ангидридпен қаптау кезінде пайда болғанын сараптама көрсеткен тәрізді.
Бұл ретте депутат мәселенің мемлекеттік маңызы зор екенін, Яссауи кесенесінің арқасында Түркістан қаласы әр елдерден зиярат етуге келетіндердің орталығы екенін еске салады. «Сондықтан, ескерткішті сақтап қалу мемлекетіміздің халықаралық беделіне де әсер ететіні анық», - деген сауал соңына бір топ депутат қол қойған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде өзге этнос өкілі шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр
29.04.2026, 10:49
Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиадада топ жарды
29.04.2026, 10:48
Автотұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
29.04.2026, 10:47
Әскери төлемдер жүйесіне өзгеріс енгізілді
29.04.2026, 10:46
Трамп Ұлыбритания королі Карл ІІІ мен оның жұбайы Камилланы Ақ үйде қарсы алды
29.04.2026, 10:45
Түркияда кеншілер полициямен қақтығысты
29.04.2026, 10:44
Соңғы 3 жылда 100-ден астам бала терезеден құлаған
29.04.2026, 10:43
Мәжілісте мұғалімнің жауапкершілігі қаралып жатыр
29.04.2026, 10:36