Астанада жаңа теміржол вокзалының құрылысы 2017 жылы аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа теміржол вокзалының құрылысы 2017 жылы аяқталады

22.01.2014
Астанада жаңа теміржол вокзалының құрылысы 2017 жылы аяқталады
Астанада 2017 жылға қарай әрқайсысы тәулігіне 4,5 мың адамды өткізе алатын 2 автовокзал мен жаңа теміржол вокзалы, қарбалас уақытта өткізу қабілеттілігі 1 500 жолаушыны құрайтын төрт гейтті әуежай терминалы салынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің ресми сайты.
 
Қала басшылығы қоғамдық көлікті дамытып, қазіргі заманғы және сапалы жаңа құрамдарды сатып алмақ. Сонымен қатар, 2016 жылы шағын көлік айналымын аяқтау міндеті тұр.
 
Жол инфрақұрылымын дамытумен қоса, негізі бағыттардың бірі – автобустардың жылдам жүруіне арналып салынған жолдар жобасын жүзеге асыру. Ұзындығы 23 шақырымдық бірінші желінің құрылысы 2016 жылы аяқталады. 
 
«Жалпы ұзындығы 63 шақырымдық жоба елорданың сол жақ және жолаушылар ағыны мол оң жақ жағалауын біріктіреді. Осылайша, біз жолаушылардың басым бөлігін қоғамдық көлікке отырғызып, жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартамыз», - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Хабарламаларға жазылу