«Жұлдыздар матчы» Астанада өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жұлдыздар матчы» Астанада өтуі мүмкін

12.01.2014
«Жұлдыздар матчы» Астанада өтуі мүмкін
Құрлықтық хоккей лигасының «Жұлдыздар матчын» Астанада өткізуге  «Барыс» командасының мұзайдынын салған соң мүмкін болмақ. Оның құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс. 10 мың жанкүйерге арналған спорт сарайының құрылысы қарқынды жүруде.
 
Құрылыс аяқталған соң, «Барыс» 2015-2016 жылғы маусымды жаңа аренада өткізеді. «2016-2017 жылы «Жұлдыздар матчын» өткізуге клуб жетекшілері өтінішті жасады», - деп мәлімдеді Құрлықтық хоккей лигасының президенті Александр Медведев.

Хабарламаларға жазылу