«Баланы мақтап та, арасында жазалап та отырған дұрыс» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баланы мақтап та, арасында жазалап та отырған дұрыс»

22.01.2014
«Баланы мақтап та, арасында жазалап та отырған дұрыс»
 
Педагог-психолог, педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті кәсіптік білім беру кафедрасының аға оқытушысы – Гүлжауһар Ілиясқызы «Таңшолпанда» қонақта болды.  
 
«Баланы білімге ынталандыру үшін ең алдымен, оның қандай өнерге бейім екенін, мінез-құлқын, ерік-жігерін жақсылап анықтап алу қажет. Сондай-ақ, мадақтау, жазалау, жарыстыру және прагматикалық әдіспен де баланы ынталандыруға болады»,-дейді психолог маман.
 
Кейбір ата-ана балалары сабақтан бестік баға алып келсе, сыйақы ретінде ақша беруді әдетке айналдырған. Нәтижесінде балалары жақсы оқып кеткен екен. Бұл турасында Гүлжауһар Ілиясқызы: «Бұл әрине, дұрыс. Бірақ, оның да мөлшері болуы керек. Мақтап та, арасында жазалап та отырған дұрыс, баланы»,-дейді.
 
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу