WSB. Руслан Мырсатаев жеңіс биігінен көріне алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Руслан Мырсатаев жеңіс биігінен көріне алмады

18.01.2014
WSB. Руслан Мырсатаев жеңіс биігінен көріне алмады
Аса ауыр салмақтағы боксшылар бәсекесінде Руслан Мырсатаев пен Қажы Муртузалиев жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл маусымдағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал Муртузалиев болса, жақында ресейлік клубпен болған жекпе-жекте Сергей Кузьминмен жұдырықтасып, ұпай санымен ұтылып қалды.
 
Бұл жекпе-жек әзірбайжандық боксшының пайдасына шешілді. Қорытынды есеп: 4:1. Жалпы, «Astana Arlans» үшін әзірбайжандық клубы өте қолайсыз қарсылас. Осыған дейін қос команда өзара бес жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде «Baku Fires» боксшылары жеңіске жеткен еді.
 
«Astana Arlans» келесі жекпе-жегін 1 ақпанда  «Russian Boxing Team» командасымен өткізеді. Кездесу Алматыда өтеді.

Хабарламаларға жазылу