Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті

17.01.2014
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Хосе Сулейман Лос-Анджелес ауруханасында 83 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды lenta.ru.
 
Сулейманның ұлы Маурисионың айтуынша, бокс ұйымының жетекшісі ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған. Кардиологиялық ауруға шалдыққан ол өмірінің соңғы айларын ауруханада өткізген.
 
WBC ұйымы жетекшілерінің қазасы туралы ақпаратты растап, Сулейманды «бокстың әкесі» деп атады.

Хабарламаларға жазылу