ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Кәкенұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.
Бүгін әйгілі суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына - 110 жыл. Осыған орай студияға арнайы шақырылған Жеңіс Кәкенұлы ол турасында: «Әбілхан Қастеев - XX ғасырдың басында туған ұлы тұлға. Егер ол кісі арғы ғасырда дүниеге келген болса, қандай талантты болса да, біз ол кісіні білмей қалар ма едік? Заман өзгеріп жатқан кезде, қазақ даласына еуропалық мәнерде сурет салу қажеттігі туған кезде дүниеге келген адам. Әбілхан аға сонысымен ерекшеленеді деуге болады»,-дейді.
«Мерейтойға орай көптен бері шешілмей келе жатқан үлкен мәселе бар-тын. Ол Әбілхан Қастеевтің 1958-1973 жылға дейін тұрған үйін мұражайға айналдыру. Осы қаңтардың 17-сі күні мұражайдың ашылу салтанаты болады. Онда суретшінің тұтынған бұйымдары, салған суреттері, қолда бар түпнұсқадағы графикалық суреттермен қоса, қазір Қастеев мұражайында тұрған суреттердің белгілі бір топтамасы да сонда көшірілмек. Сонымен қатар, Қастеевтің туған жерінде үлкен ас беріліп, суретшілердің ірі симпозиумы өткелі жатыр»,-дейді Жеңіс Кәкенұлы.