Қазақ жеріндегі алғашқы опера және балет театрының құрылғанына – 80 жыл
1934 жылы 13 қаңтарда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ашылды. Мұхтар Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен шымылдығы түрілген өнер ордасына биыл 80 жыл толып отыр.
Қазақстандағы алғашқы опера және балет театрының құрылуына Күләш Байсейітова, Жұмат Шанин, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Шара Жиенқұловалар зор еңбек сіңірді.
Алғаш сәтті шыққан «Айман-Шолпан» спектаклінен соң, халық назарына «Қыз Жібек» қойылымы ұсынылды. Басты рөлді сомдаған Күләш Байсейітова КСРО Халық әншісі атанған алғашқы қазақ әншісі еді.
Халықты қуанышқа бөлеп, рухани байытып отырған шаңырақ биыл көрермендерге Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу», Винченцо Беллинидің «Монтекки мен Капулетти» және Жорж Бизенің «Інжу іздеушілер» атты туындыларын ұсынбақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04