Немістер қандай автокөлікті мақтан тұтатынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Немістер қандай автокөлікті мақтан тұтатынын мәлімдеді

11.01.2014
Немістер қандай автокөлікті мақтан тұтатынын мәлімдеді

Немістің автомобилшілері BMW көлігін Германияның үздік автомобиль маркасы деп таныды. Бұл жайында Жалпыгерманиялық автомобильдік клуб жүргізген сауалнаманың деректерінде хабарланды.

Автоклуб баспасөз хатшысының сөзінше, BMW-нің i3 және i8 модельдерінің жанында Audi маркасы солғын көрінеді. BMW жоғары технологиялардың арқасында танымалдығын арттыруда.

Айта кетейік, өткен жылы бас награда осы көлік маркасына тиесілі болды. Рейтингтегі келесі орындарда Audi мен Mercedes жайғасты. Дегенмен, сатылған көліктер саны бойынша Volkswagen маркасы көш бастап тұр.

Хабарламаларға жазылу