Астанада электр қуатының бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада электр қуатының бағасы қымбаттады

09.01.2014
Астанада электр қуатының бағасы қымбаттады
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС электр қуатымен қамту тарифінің орташа деңгейін қосымша құн салығынсыз 12,67 теңге/кВтсағ көлемінде белгіледі.
 
1 қаңтарға дейін елордада электр қуатының орташа тарифі ҚҚС-сыз 11,7 теңге/кВт сағат болған. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімі хабарлады.
 
Тарифтің көтерілуіне 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана қаласының энергия өндіруші ұйымының тарату бағасын орта есеппен 15,3 пайызға ұлғайтуы, сондай-ақ, электр энергиясының сыртқы тасымалдаушыларының тарифтерінің 6,9 пайызға артуы себеп болды.
 
Бұдан былай, электр энергиясын таратудың орташа құны:
- халық үшін - ҚҚС-сыз 10,57 теңге/кВтсағ;
- басқа тұтынушылар үшін - ҚҚС-сыз 13,64 теңге/кВтсағатты құрайды.

Хабарламаларға жазылу