Шымкентте үш сәбиді көшеге тастап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте үш сәбиді көшеге тастап кеткен

07.01.2014
Шымкентте үш сәбиді көшеге тастап кеткен
Шымкентте белгісіз біреулер кәмелетке толмаған үш баланы көшеде қалдырып кеткен. Оларды «Қайтпас-1» шағын ауданының тұрғыны Фарида Сариева үйінің маңында тауып алған, деп хабарлайды Отырар.kz.
 
Балалардың үлкені Керемет - 3 жаста. Мирас - 1 жаста, ал Кәусар тоғызайлық.
 
«Біз балаларды жылы көрпеге орап, тамақтандырдық. Олардың қарындары аш және қатты тонған», - дейді Шымкент тұрғыны.
 
Келесі күні таңда әйел полицияға хабарласқан. Үлкенін оңалту орталығына жіберіп, екі кішкентайды ауруханаға орналастырған. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың дені сау.
 
Балаларды табылғаннан бері алты күн өтті. Әзірге ата-анасы белгісіз. Егер бір айдың ішінде анықталмаса, балалар үйіне орналастырылады.

Хабарламаларға жазылу