Қарағандыда тастанды сәбиді анасына қайтаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда тастанды сәбиді анасына қайтаруы мүмкін

04.03.2024

Қарағандыда аязды күні далаға тастап кеткен сәбиді анасына қайтаруы мүмкін. «Қамқоршылық органдарының мәліметінше, егер баланың анасына қысым көрсетілгені, қандай да бір күшті препараттың әсерінде болып, өз әрекетіне жауап бере алмағаны анықталса осындай шешім қабылданады»,-дейді мамандар. Қазір тергеу жалғасуда. Ал егер керісінше ерікті түрде сәбиді тастағаны дәлелденсе, ата-аналық құқығын шектеуі мүмкін. Нәрестені балалар үйіне табыстайды.

Еске салсақ, 26 ақпан күні қала тұрғыны үйдің кіреберісінен тастанды сәбиді тауып алған болатын. Полиция екі күннен соң күдікті ретінде 22 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адамды ұстады.

Руслан Нұрланұлы




Хабарламаларға жазылу