«Біздің команданың ауызбіршілігі мықты» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біздің команданың ауызбіршілігі мықты»

07.01.2014
«Біздің команданың ауызбіршілігі мықты»
Ұлттық ойын көкпар соңғы жылдары шетелде кеңінен таныла бастады. Тартысты додада тақымынан серке алдырмайтын қазақ жігіттерінің қарымын өзге жұрттар мойындап отыр.
 
«Әулиеата» көкпар клубының директоры, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Нұрдәулет Момынов, Көкпардан халықаралық дәрежедегі спорт шебері - Манарбек Дүйсенбиев «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
«Әулиеата» клубы жеті рет ел чемпионы атанған. Осы турасында клуб директоры: «Қазақ айтады ғой «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп. Біздің команданың ауызбіршілігі мықты. Оның  үстіне облыстың тізгінін ұстап отырған азаматтардың да ұлттық ойынға деген көзқарасы ерекше. Біздің команданы мықты аттармен қамтамасыз етіп, көкпаршылардың бар жағдайын жасап отыр. Мұның да жеңіске жетуге септігі зор»,-дейді.
 
Дала батырларының ойыны көкпарға көкпаршылар бала күннен құмар болғанын айтады. «Бала кезімізде тай, құнан мініп өстік. Көкпарға 17 жасымнан қатыса бастадым. Екі ауылдың арасында балалар үйренсін деп ұйымдастырылатын «пәте көкпар» деген болады. Алғашында соған қатысып, кейін келе ірі жарыстарға қатыса бастадым. Көкпарда жүргеніме 20 жылдай болып қалды»,-дейді Манарбек Дүйсенбиев.

Хабарламаларға жазылу