«Лесная поляна» тұрғын үй алабы Астана қаласына қосылмайды. Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогында мәлім етті.
Елорда әкімінің блогына: «Лесная поляна» тұрғын үй алабы қалаға қашан қосылады?», - деп сауал жолдаған Қосшы елді мекенінің тұрғыны.
«Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы №1064 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 шілдедегі №884 Қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарына сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту қарастырылмаған. Ақмола облысының Қосшы ауылында орналасқан «Лесная поляна» тұрғын үй алабын Астана қаласына қосу көзделмеген», - деп жауап берген И.Тасмағамбетов.