Әлемдегі ең зиянды сусын анықталды

03.01.2014
Әлемдегі ең зиянды сусын анықталды
Америкалық ғалымдар құрамына түрлі қоспа қосылған сүт коктейлін әлемдегі ең зиянды сусын деп тапты. Оған қосылатын әсіресе, шоколадты балмұздақ пен жержаңғақ майы адам ағзасына өте қауіпті екен.
 
Мұны анықтау үшін ғылыми тәжірибеге 100 мектеп оқушысы қатысқан. Олар сүт коктейлін ішіп жатқан кезде ғалымдар оқушылардың миларының белсенділігін бақылап отырған.
 
Бұл сусынның бір порциясында ересек адам үшін белгіленген калорияның тәуліктік нормасы бар. Оған қоса, майдың тәуліктің нормасы үш есе көбейтілген, деп жазады РОСБАЛТ.

Хабарламаларға жазылу