Шымкентте қауіпті энергетикалық сусын әзірлеген жасырын цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қауіпті энергетикалық сусын әзірлеген жасырын цех анықталды

11.09.2023

Шымкент қаласында энергетикалық сусындарды заңсыз әзірлеген жасырын цехтың жұмысы әшкереленді. Тексеру барысында сусын толтырылған 21 мың контрафактілі тауар тәркіленген. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері цехтың ішінен мұнан бөлек бос құтылар, қақпақ, құрғақ қоспа мен қаптама заттарын айғақты зат ретінде алды.

Әзірге есептелген шығын 37 миллион теңгеден асып жығылады. Микробиологиялық зерттеу ұлттық орталығынының жасаған сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген тауар тұтынуға мүлдем жарамайды әрі адам ағзасына өте зиянды болып шыққан. 


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу