Елжан Біртанов Қостанай облысындағы емханаларды аралалап, жаңа жобалармен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов Қостанай облысындағы емханаларды аралалап, жаңа жобалармен танысты

04.04.2019

Медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша аймақтарда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, саланы сандық форматқа ауыстыруға айрықша мән берілуде. Мәселен, Қостанай облысында денсаулықты бақылаудың электрондық қосымшасы іске қосылған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы өңірге сапары кезінде емханаларды аралап, жаңа жобалармен танысты.

«Дамумед» қосымша дәрігер мен науқас арасында жылдам ақпарат алмасуға барынша мүмкіндік беріп отыр. Бұл бастама аймақтарда да жүзеге асып жатыр. Қостанайлық дәрігерлермен кездескен министр өз кезегінде «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы баяндап берді. Жалақының өсімі туралы ақпаратпен бөлісті. Кейбір өзекті мәселелерге да назар аударды. Әсіресе, маман тапшылығы медицина саласының сапасына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Көптеген мәселе бар. Соның бірі - маман тапшылығы. Бір дәрігер екі учаскені қатар алып жүр. Әрине, дәрігердің жүктемесін көбейтіп, жалақыны да арттыруға болады. Бірақ одан жұмыстың сапасы бұзылады. Сондықтан медицина сапасын төмендетпеуіміз тиіс. Биылдан бастап мемлекет есебінен оқыған азаматтар осы салада кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі. Мұндай ереже жақсы нәтиже береді деген сенімдемін.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу