Есепсіз донорлықтың ертеңі алаңдатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есепсіз донорлықтың ертеңі алаңдатады

04.04.2019

Құтыдағы ұрпақ. Ой саларлық, дабыл қағарлық мәселе екен. Өйткені батыстан бастау алған бұл үрдісті бұған дейін шетелдік кинолардан ғана көріп жүріп, өзіміздің өмірімізге еніп кеткенін байқамай қалғандаймыз. Ал, медициналық мекемелердің жұмысын реттейтін Денсаулық сақтау министрлігі бұған не дейді екен?

Ведомство мұндай олқылықтардың бар екенін мойындап отыр. Және қазір арнайы жұмыс тобы осы мәселенің шешімін табуға тырысып жатқанын жеткізді. «Донорлардың қай кезде, қай клиникада ұрық тапсырғаны туралы ортақ база құруға Қазақстанның қауқары жетеді», - дейді вице-министр Олжас Әбішев. Тіпті, бұл жұмыс күзге таман жүзеге асырылуы мүмкін. Министрлік алдымен осы айда электрондық медициналық төлқұжатты қолданысқа енгізіп алмақшы. Кейін осы цифрлық паспорт кез келген медициналық мекеменің жұмысын оңтайландырып, әр адам жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ал, донорлардың аты-жөні жарияланып кетпес үшін арнайы құпия белгілер қолданылуы мүмкін. Бір донордан тараған ұрпақтың болашақта отау құруын болдырмаудың да амалы бар екен.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Келешекте жастар өз некесін қиюға көңіл бөлетін болса, электрондық портал арқылы медициналық ұйымдарға сұраныс жіберуі мүмкін. Қазір Назарбаев университетінде зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ата-бабасы туралы мәліметтерді толығымен электрондық төлқұжатқа енгізетін болсақ, ол кезде аурулардың ықтималдығын ғана емес, гендік деңгейде қандай туысқандық ықтималдығы бар екенін есептей аламыз.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу