Алматыда жас педиатрлар ғылыми жобаларын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас педиатрлар ғылыми жобаларын ұсынды

04.03.2019

Алматыда «Жастар» жылы аясында «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» атты конференция өтті. «Педиатрия және балалар хирургиясы» ғылыми орталығының өкілдері ұйымдастырған ғылыми шараға тек магистр, докторанттар емес, студенттері де өз ғылыми жобаларын ұсынды. Мұнда сирек ауруларды емдеу, патологиясы бар балаларды оңалту және тағы басқа мәселелер талқыланды. «Жас ғалымдардың білім деңгейін арттырып, олардың ғылыммен айналысуларына барынша жағдай жасау – міндетіміз», - дейді білікті дәрігерлер. 

Жұмағали Исмаилов, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ректоры:

- Негізгі бағыты балалар хирургиясы мен педиатрияның дамуы. Бұл жас ғалымдарды қажет ететін бағыт. Себебі, балалар мен нәрестелердің өлім-жітім көрсеткіші мемлекеттің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу