Бас санитар саяхаттайтындарды қауіпті инфекциялардан сақ болуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас санитар саяхаттайтындарды қауіпті инфекциялардан сақ болуға шақырды

24.12.2018

Қазір әлемнің кей елдерінде аса қауіпті жұқпалы оба дерті асқынып тұр. Осыны хабарлаған еліміздің Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды қауіпті инфекциялардан сақ болуға шақырды. Әсіресе, жаңажылдық демалыстарда шетелдерге саяхатқа шығатын қазақстандықтар осыны ескергені жөн. Себебі, әлем бойынша обаның 19, тырысқақтың 300 мыңдай дерегі тіркелген. Ал, отандастарымыз жиі баратын Тайландта Денге, АҚШ, Бразилия, Венесуэлада эбола індеті өршіп тұр. Сондай-ақ, қазіргі таңда ең жұқпалы аурулардың бірі – қызылша да бірқатар елде белең алған. «Осы ретте, балалардың қызылшаға қарсы екпе алғанын тексеріп, өлім-жітімге әкеп соқтыратын қауіпті аурулардың алдын алу үшін сақтық шараларын қатаң ұстанған абзал», - деді Бас санитар. 

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Сібір жарасы бойынша қазір елде 175 жағдай тіркелді. Біздің саяхатшыларымыздың көбі Хайнаньға, Үндістанға барады. Бұл инфекция Үндістанда да тіркеліп жатыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу