Қызылорда облыстық медицина орталығында ми тамыры дертіне операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облыстық медицина орталығында ми тамыры дертіне операция жасалды

13.12.2018

Науқас 61 жаста. Ми қан тамыры аневризмасы салдарынан ол осыдан 10 шақты күн бұрын инсульт алған. Эндоваскулярлық тәсілмен жасалған жоғары мамандандырылған технологиялық операция кезінде артериялық қан тамырындағы аневризм жабылды. Науқастың инсульт болу қаупі 95 пайызға төмендеді.

Қанат Набдинов, дәрігер-ангионейрохирург:

- Бұл ауру жас ерекшелігіне қарамайды. Бұл туа пайда болатын ми қан тамырларының ақауы болып есептелетіндіктен, кез келген уақытта геморрагиялық инсульт алып келуі мүмкін. Қан қысымының көтерілгеніне байланысты мидың қапшықтарының жыртылуы артерияның деформацияларының жыртылуына байланысты болады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу