ЖИТС пен туберкулез кәсіпкерлікті жүргізуде кедергі болмауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖИТС пен туберкулез кәсіпкерлікті жүргізуде кедергі болмауы тиіс

29.11.2018

Осы мәселені алға қойған дәрігерлер мен қоғамдық қор өкілдері Астанада жиын өткізді. Бүгінде қоғамда осындай дертке шалдыққандарды жұмысқа ала бермейді екен. «Көбі оларды ортаға қабылдай алмайды. Алайда, аурудың деңгейі мен оны жұқтыру жолдары әртүрлі»,-дейді мамандар. Сондықтан, науқастардың еңбек орнына бейімделуіне біз жәрдемдесуіміз қажет.

 Астанада ВИЧ инфекциясын жұқтырған 989 науқас есепте тұр. Олардың 70 пайызы 40 жасқа толмаған науқастар. Сондай-ақ, 60 пайызы жұмысқа жарамды азаматтар. 

Салтанат Мусина, қалалық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бір офисте отырғанда немесе қол алысқанда ВИЧ жұқпайды. Жұмыс берушілер, кәсіпкерлер қорқып жұмысқа алмай жатады. Біз бәрін түсіндіріп айтамыз. ВИЧ инфекция жұқтырған науқастар ешқандай жұмыстан шеттетілмейді. Оқу орнына да, балабақшаларға да баруға құқылы.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу