Қаратауда гемодиализ бөлімшесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаратауда гемодиализ бөлімшесі ашылды

27.11.2018

Жамбыл облысы, Қаратау қаласында алғаш рет гемодиализ бөлімшесі ашылды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске асты. Шағын бөлімшеде шалғайдағы Сарысу мен Талас аудандарының тұрғындарына ортақ қызмет көрсетеді. Бұған дейін созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруына шалдыққан науқастар 170 шақырым жерге күнара қатынап, ем алып келген еді. Енді бұл қиындықтар артта қалды. Мұнда бірден 8 адамның қанын алмастырып, тазартып беруге мүмкіндік бар. Ол үшін заманауи үлгідегі қондырғылар Германиядан әкелінді. Есепте тұрған науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. 

Мұхтар Аманов, Талас аудандық ауруханасы жан сақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Диолизаторда жартылай өткізгіш мембрана болады. Сол арқылы науқастан қанын алып, фильтрден өткізіп, науқасқа таза қанды қайтып өзіне енгізеді. Керек емес шлактарды, токсиндері тазалап, бұл аппарат бүйректің қызметін алмастырады.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу