Статистикаға сүйенсек, денсаулық сақтау саласында жағымды жаңалықтар да аз емес. Министрлік қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1,3 жылға артып, 72,95 жас болғанын қуана жеткізді. Сондай-ақ, былтыр жедел-жәрдем көмек көрсететін мекемелер саны 6 пайызға артыпты. Ал, медициналық мекемелердің 96 пайызында ақпараттық жүйелер енгізілген. Электрондық денсаулық паспорт алған қазақстандықтар саны 11 млн. Ал, 2020 жылға дейін халық 100 пайыз электрондық паспортқа ие болуы тиіс. Тегін дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды жұмыс жүргізбек. Биыл 3,5 млн. адам қажет препараттарын ала алады.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.