Әйгілі нейрохирург Қазақстандағы нейрохирургияға жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі нейрохирург Қазақстандағы нейрохирургияға жоғары баға берді

10.07.2018

Қазақстандағы нейрохирургия саласы өте жоғары деңгейде дамыған. ТМД-дағы кейбір елдерге үлгі боларлықтай дәрежеде. Бұл - аты әлемге әйгілі нейрохирург Эвалдас Чеснулистің берген бағасы. Швейцариядан келген дәрігер Президент әкімшілігінің ауруханасында болды. Ондағы жаңа технологиямен жабдықталған бөлімдердің жұмысымен танысты. Бұл жерде мидағы қатерлі ісіктерді алуда ең күрделі операциялар орындалады. Жақында ғана осы орталықта жас жігіттің басына өте қиын операция жасалды. Қиын болған себебі, ісіктің көлемі үлкен әрі терең орналасқан. 15 сағатқа созылған операция сәтті аяқталып, қазір науқас үйіне шығарылды. Ендігі мақсат - нейрохирургия бойынша сирек кездесетін ауруларды емдеу. Бұл орайда шетелдік дәрігерлердің тәжірибелері керек-ақ.  

Азат Шпеков, нейрохирург:

- Қазақстандағы нейрохирургия бағытында науқастардың саны көбейетіні оларды анықтау мүмкіндігі жоғары болып жатыр. Барлық жергілікті жерлерде МРТ, компьютерлік томография секілді құрылғылар орнатылғандықтан оларды анықтау оңай болып жатыр. Ол дамудың көрсетшкіші. Өйткені, біз сырқатты басталу кезінде алдын алатын болсақ немесе енді басталған сырқат болса ота жасау арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу