Жағымсыз жаңалықты Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында жеткізді. «Сондықтан, қауіпті дертпен күреске үлкен мән беру керек», - дейді Елжан Біртанов. Елімізде Президенттің Жолдауы аясында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар құрылған. Бұл құжатта дер кезінде диагностика жасау, көмек көрсетудің соңғы интергациялық моделін енгізу, цифрландыру, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту сынды бағыттарға баса назар аударылған. Бұдан бөлек, Елжан Біртанов онкологиялық ұйымдар үшін көп ұзамай жаңа арнайы жабдықтар сатып алынатынын айтты. Бұл құрылғы науқастардың антисептикалық дәрілерді қауіпсіз, әрі тиімді қабылдауына әсер етпек. Ал, кешенді жоспарды жүзеге асыруға 35 млдр. теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Жеке инвестицияларды да тарту көзделген. Өйткені, қатерлі ісік ауруын алқымынан дереу алмасақ, жағдай қиындай түспек.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттердің 70 пайызы еңбекке қабілетті жастағы адамдар екенін атап өту қажет. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмек бойынша іске асырылған шараларға қарамастан, мынадай негізгі проблемалар сақталуда. Қатерлі ісіктерде ерте диагностикалау төмен көрсеткіші. Бұл ЭЫДҰ мемлекеттерінің көрсеткішінен 3 есе төмен. Диагностиканың жоғары технологиялық әдістерін және инновациялық емдеудің, соның ішінде сәулелік терапияның қолжетімді болмауы.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.