ОҚО-дағы ауруханалар мен емханаларға су жаңа 47 автокөлік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-дағы ауруханалар мен емханаларға су жаңа 47 автокөлік берілді

18.06.2018

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауруханалар мен емханаларға су жаңа 47 автокөлік берілді. Олар науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Жалпы, оңтүстік өңіріндегі жедел жәрдем қызметі және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке лайықталған техникалар жыл сайын жаңартылып келеді. Бұл жолы жедел жәрдем автокөліктері Шымкент қаласындағы барлық 13 емханаға, сондай-ақ, ауылды аймақтағы медициналық мекемелерге тапсырылды.

Әсіресе үлкен трассалардың бойында орналасқан елді мекендерде қажетті техникамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. 

Мұқан Егізбаев, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Біз қазіргі таңда автокөлік жетіспейтін Сарыағаш ауданындағы, Темірландағы, трассаның бойындағы өзге де ауылдарға көбірек көңіл бөлетін боламыз. Жылдан-жылға жетіспеушілік бар аудандарды автокөлікпен қамтамасыз етуге тырысамыз. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу