Менингококқа екпе неге тегін емес? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Менингококқа екпе неге тегін емес?

30.05.2018

Менингококты инфекция Алматы мен Талдықорғанды шарпып, елордаға жеткенімен ауруға қарсы егілетін вакцина әлі де ақылы болып тұр. Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш екпе түрі ұлттық күнтізбеде жоқ екенін айтады. Жалпы, ауруға қарсы салынатын вакцина Еуропадан жеткізіледі. Көбінесе шетелге шығатын туристер мен қажылыққа баратын тұрғындарға салынады. Екпенің құны 29 мың теңге. Вакцина жүргізу жекеменшік емханалардың құзырында болғандықтан, бағасы да әр жерде әртүрлі көрінеді. Фармация комитетінің өкілдері «екпе неге тегін жүргізілмейді» деген сауалға, вакцина жоқ болса да ауруханада науқастарға салынатын дәрі-дәрмектер тегін берілетінін айтып ақталды.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрағасы:

- Олардың барлығы тегін медициналық көмек шеңберінде дәрімен қамтамасыз етіледі. Мен өзім Астанадағы инфекциялық ауруханалардың жағдайымен танысып, көзбен көріп келдім. Менингококк инфекциясына емдеуге арналған антибиотиктер мен қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті дәрежеде.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу