Елімізде отбасылық дәрігерлер саны артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде отбасылық дәрігерлер саны артпақ

13.04.2018

Елімізде отбасылық дәрігерлер саны артады. Себебі, адам дүниеге келгеннен бастап, есейгенге дейін бір ғана дәрігер бақылауында болуы керек. Сонда ғана медициналық көмектің тиімділігі артады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға арналған жиында осындай мәселе айтылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта науқастарға екінші медициналық-санитарлық көмек көрсетілетін болады. Бұл шаралар емделушілерді сауықтыруға бағытталмақ. Тағы бір жаңалық бар. Биылдан бастап медбикелердің жоғары білімділері қызметке кіріседі.  Олар дәрігерлердің қызметін алмастыруға қауқарлы болмақ. Дәрігерлер ұсынысымен жасалған тұжырымдаманы министрлік басшысы қарастырды. Хаттаманы дайындауға 3 ай уақыт жұмсалған.

Айта кетейік, бүгінде медициналық қызметтің 80 %-ы амбулаторлық-емханалық деңгейде көрсетіледі.  

Дилахан Байменова, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бөлімінің бас маманы:

- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек адамның жұмыс орнына не болмаса тұрып жатқан жеріне жақын болады. Ол 15 минуттық жерде болуы керек. Халыққа өте тиімді. Адамдар бұл орталықтарға өз еркімен тіркеледі. Осы тұжырымдаманың ең бір өзекті тұсы – ол жалақы мәселесі. Қаржыландыруды көбейту, адамдарды ынталандыру үшін қосымша еңбекақы төлеу. Мәселелердің бірі сол.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу