Елімізде сирек ауруға шалдыққандар саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сирек ауруға шалдыққандар саны артқан

28.02.2018

Елімізде сирек ауруларға шалдыққан науқастар саны артып отыр. Өзекті мәселенің алдын алу үшін диагностика саласын жетілдіру қажет. Бүгінгі баспасөз мәжілісінде сөз алған мамандар осылай деп дабыл қақты. Әлемде сирек кездесетін аурулардың 7 мыңға жуық түрі бар. Қазақстанда сондай дертке шалдыққан 46 науқас тіркелген. Егер туабітті ауру ерте жастан анықталмаса, адамның мүгедек болып қалуы немесе өліп кетуі мүмкін. 

Дайыр Нұрғалиев, «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:

- Қазақстанда диагностика қоятын гоше ауруы, мукополисахаридоз, оның 6 түрі бар. Ең бірінші, бізге шетелден анализ жасайды. Екінші, дәрілер әкеледі. Бірақ балаға, науқастарға бәрі тегін болады. Дигноз дұрыстап, уақытында қойылса, емдеуге болады.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу