Өйткені, бұған дейін сатып алып келген түпнұсқа дәрілер тым қымбат. Алайда, мемлекеттің бұл ұсынысына ағзасын ауыстырған науқастар қарсы. Елімізде 1000-ға жуық адам өзгенің ағзасымен өмір сүріп жүр. Олар бөтен ағза қалыпты жұмыс істеу үшін күн сайын дәрі ішеді. Енді оны өзге дәрімен алмастырса, әлсіз денеге кері әсерін тигізе ме деп қорқады. Тараптар түйткілді тақырыпты таразыға салғанымен, нақты бір шешімге келген жоқ.
Арнұр Нұртаев, Дәрілік заттарды сараптау орталығы директорының орынбасары:
- Сараптау орталығы бұл дәрінің сапасы, құрамы жағынан алдыңғы дәрімен бірдей екенін дәлелдей алады. Оның үстіне егер түпнұсқа дәріні алсақ, 550 млн. ал, үндістандық дәрі екі есе арзан, 250 млн. жұмсаймыз. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, сарапшылармен пікір алмасудамыз. Алдағы бір аптаның ішінде нақты шешімі шығады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ