Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі қаралды

27.10.2017

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушыларға медициналық көмекті 2020 жылдың 1 қаңтарынан көрсете бастау ұсынылуда. Бұл туралы Мәжілістің комитет отырысында айтылды. Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың жарна мөлшері жарна аудару нысанынан 5-тен 1 пайызға дейін төмендетілмек. Бүгінгі күнде қорға 17 млрд теңгеден астам қаржы жиналған.

Жалпы, мамандар 2020 жылға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың бір базасын құру керек, - дейді. Өйткені, елімізде осы санатқа жататын адамдардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз.

Ләззат Ақтаева,ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Жұмыс берушілерден аударым жинау 2018-2019 жылдары 1,5 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл ретте 2020-2022 жылдары халықтың сақтандырылмаған бөлігіне тегін медициналық көмектің кепілдендірілген топтамасын сақтау қажет.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу