Семейдегі перинаталдық орталықта неонатологиялық хирургия қызметі көрсетіле бастады
Өңірде шала туған сәбилерден бөлек нәрестелердің өңеш, аш ішек, тоқ ішегінің бітеу болып тууы да көп кездеседі. Кіндік бауы мен жұлын жарықшағы да жиілеп кеткен.
Мамандар Семейде осындай 9 нәрестеге күрделі операция жасап аман алып қалды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай 2008 жылдан бері 500 граммнан асқан шақалақтар, тірі туған балалар санатына жатады.
Сондықтан ондай сәбилерді аман алып қалуға перинаталдық орталықта барынша жағдай жасалуда.
Өткен жылы Семейдегі перинаталдық орталықта 2473 сәби дүние есігін ашқан. Бұл оң көрсеткіш, дейді мамандар.
Енді орталықтағы неонатологиялық қызметтің қолға алынуы, бала туу көрсеткішін одан әрі жақсарта түспек.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04