Оңтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы жасөспірімді кене шағып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқастан Конго-қырым қанды безгегінің белгілерін анықтап отыр. Белгілі болғанындай, бала кене шаққан соң, оны жұлып алып жүре беріпті. Арада 5 күн өткеннен кейін дене қызуы көтеріліп, денсаулығы нашарлаған.
Өзін жайсыз сезінгеннен соң ғана дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Сала мамандары жасөспірімнің сырқатын біле сала оқшаулап, Ордабасы аудандық ауруханаға жатқызды.
Қазір науқастың жағдайы қалыпты, дейді дәрігерлер. Айта кетейік, биыл өңірде 3 мыңнан аса адамды қансорғыш жәндік тістеп, дәрігерге шағымданған. Ал кенеден қорғану жұмыстары тамыз айының 15-нен 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ерлан Рысқұлов, ОҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:
Жыл басынан бергі төртінші оқиға. Төртеуі де дәлелденіп отыр. Қазір төртеуінің екеуі ауруханадан шығып кетті. Біреуі Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Оның да жағдайы қанағаттанарлық.
Айнұр АҚБАЕВА