Емдеу орталықтары халықаралық аккредиттеуден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емдеу орталықтары халықаралық аккредиттеуден өтті

05.07.2014
Емдеу орталықтары халықаралық аккредиттеуден өтті

Астанадағы Республикалық диагностикалық орталық пен балаларды оңалту орталығы халықаралық бірлескен комиссияның аккредиттеуінен өтті. Оларға бүгін салтанатты түрде JCI сертификаты табыс етілді. Айта кетейік, халықаралық маңызы бар бұл құжатқа жету үшін екі бірдей емдеу орталығы дайындықты екі жыл бойы жүргізді. Жаңа технологиялар енгізіліп, мамандардың каскадты оқытылуы өткізілді. Соның арқасында  халықаралық сапа стандарттарына сай аккредиттелген клиника мәртебесіне ие болды. Енді осынау орталықтар республикада және ТМД елдерінде бірінші амбулаториялық медициналық ұйым болып табылады. Бүгінгі күні JCI аккредиттеуден әлемнің 21 еліндегі 68 амбулаториялық ұйымы өткен болса, солардың қатарына біздің де орталықтар қосылып отыр. Мұндай құжат дәрігер мамандарға да, емделушілерге де көп мүмкіндік береді, дейді сала басшылары. 

Алтай Нәбиев, Республикалық диагностикалық орталықтың басқарма басшысы:

Бұл акредиттеу жүйесінің негізгі талабы өте жоғары. Ол медициналық қызмет сапаларының жоғары болуын талап етеді. Екіншіден, біздің емделушілерге қажет. Емдеу шараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу