Балалар арасында тері аурулары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар арасында тері аурулары көбейді

13.03.2014
Балалар арасында тері аурулары көбейді

Балалар арасында тері аурулары белең ала бастады. Ақтөбеде қазір аллергиясы бар оқушылар көп. Күн сәулесінен тітіркеніп, денесі бөртеді. Өңірдегі 15 орындық тері-венерологиялық аурухана толық. 

 
Ауыл балаларының көбі теміреткенің инфекциялық жолмен таралатын түріне шалдыққан. Дәрігерлер балалар арасындағы тері ауруларының алдын алу қажет, деп дабыл қағуда.
 
Құнарсыз тағам мен химиялық қоспадан аулақ қылу ата-ана міндеті болса, мұғалімдер оқитын орынның тазалығына жауапты. Сондықтан ақтөбелік дерматолог мамандар түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
 
Светлана Ршимова, Ақтөбе облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі:
Аллергиялық дерматиттер, фотодерматоздар, ортопедиялық дерматиттер, яғни, бұл аллергиядан болатын аурулар. Біздің мамандар мектептерге, балабақшаларға барып осы аурулар туралы дәріс оқиды. Осындай жұмыстар істемесек, мұндай аурулар өршіп кетіп, қауіпті болуы мүмкін.
 
 
Әлия ТАЛАСОВА
 

Хабарламаларға жазылу