Білім күніне орай республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында жыл сайын аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетеді. Бұл жолы елордалық 46 жеткіншекке мектеп формалары мен құрал-жабдықтар табыс етілді.
Кімге қандай көмек керектігін этномәдени бірлестік өкілдері ата-аналармен келісіп отырып шешкен. Сондай-ақ, балаларды оқу жылына даярлауға қаладағы ірі сауда орталықтары да атсалысты.
Ләззат Құсайынова, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:
Алдын ала ата-аналарына хабарласып, сұрадық, қандай көмек керек деп. Енді біреулер киім керек деп жатыр, біреулер сөмке, біреулер кеңсе тауарлары керек деп жатыр. Сол әртүрлі сұраныстарын қамтимыз деп ойлап отырмыз бүгін.
Сәбираш Сардарбекқызы, қала тұрғыны:
Бір бала емес, екі бала бір үйден барып жатқаннан кейін ол әжептәуір қиындық тудырып жатады. Енді қазір бар дегенмен де, егер мынадай көмек беріліп жатса, ол нұр үстіне нұр болар еді дейміз. Бір балаға кемінде 100-150 мың ақша кетеді.
Нысаналы ЫҒЫЛ