Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектептердің 85 пайызында ғана жөндеу жұмыстары аяқталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектептердің 85 пайызында ғана жөндеу жұмыстары аяқталған

13.08.2019

Биыл  405 мың балғын мектеп табалдырығын алғаш аттамақ. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы апта қалса да, барлық мектептің 85 пайызында ғана жөндеу жұмыстары аяқталған. Осы мәселе бүгін Үкімет отырысында кеңінен талқыға түсті. Премьер-Министр Асқар Мамин әкімдерге аталған жұмысты аяқтап, білім ошақтарының 1 қыркүйекке 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырды.

Енді үш аптадан соң жаңа оқу жылы басталады. Ал мектепті жөндеу, балалардың тасымалы, ыстық тамақпен қамту секілді мәселелер әлі толық шешілмеген. Осылай деген Асқар Мамин әкімдерге қатаң ескерту жасады. Әсіресе Шымкент қаласы мен Түркістан облысына оқулықтарды жеткізу мерзімі кешіккен. Ел бойынша, мектепке баратын оқушы саны 3 миллионнан астам. Оның ішінде алғаш мектеп табалдырығын аттайтындар саны биыл әдеттегіден көп.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Бұның себебі... Дегенмен орын тапшылығы бар.

Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырауда орын тапшы. Елордада 108 мектеп бар. Соның өзі жетпей жатыр. Қала қарыштап дамыған сайын, халық санының артатыны заңды. Жоғарыда айтқандай, бірінші сыныпқа баратын балғындар көп. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 6 мың балаға артық. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 мың орын қажет.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Қыркүйекте үш ауысымды 8 мектеп болады. Кешенді жоспар бар.. Қолдадық.

Үкіметте, жағдайы төмен отбасылардың 300 мың теңгеге дейін берешектерін өтеу мәселесі де сөз болды. Ұлттық банк азаматтардың тізімін жасақтаған. Осы тізімдегілердің қарызы тамыздың соңына дейін өтелмек.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Азаматтар банктерге өтініш жасамайды... Тиісті хабарлама жібереді.

Елбасы бастамалары мен Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау Үкіметтің басты бағыты болмақ. Оның ішінде, инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру, экономиканы әртараптандыру секілді салалар бар.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу