Білім және ғылым министрі журналистермен кездесіп, салаға қатысты бірқатар мәселеге жауап берді. Қазір қоғамда балаларды бірінші сыныпқа 6 жастан қабылдау мәселесі қызу талқыланып жатыр. Асхат Аймағамбетов бұл талап 3 жыл бұрын шешіліп, заңға енгізілгенін айтты. Оның үстіне ата-аналардың басым көпшілігі балаларын 6 жастан беріп жатқан көрінеді. Былтыр мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің 80 пайызы алты жаста болған. Әлемнің 134 елінде де оқушылар дәл осы кезеңде сабаққа барады. Елдің бас мұғалімі балаларын 6 жастан мектепке бермеген ата-аналарды жазалау туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Мен өз тәжірибем былай. Мен де ойландым. Өйткені 6 жаста, 5 жаста баланың дамуы өте жылдам. Мысалы, маусым мен қыркүйек айында дамуы өте жылдам. Мен де баламды берерде көп ойландым. Онда таңдау болды ғой. Мен 6 жаста бердім. Әрі өкінген жоқпын.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ