Түлектер кеші мектепте өтуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлектер кеші мектепте өтуі тиіс

14.05.2019

Бүгін, мектеппен қоштасу кешіне қатысты мәселе Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде кеңінен талқыға түсті. Сала мамандарының ойынша, қоштасу кеші мектепте өтуі тиіс. Сонда қымбат мейрамхана жалдаудың қажеті жоқ.

Биыл елордада 5687 оқушы мектеп бітіреді. Қазірдің өзінде бірқатар мейрамханаларда 25 мамыр күніне тапсырыс түскен. Қоштасу кешіне орта есеппен 70 мыңнан 200 мыңға дейінгі теңге қажет. Ал, бұл ата-ана қалтасына әжептәуір салмақ.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу