Елімізде алғаш рет еңбек пәнінен олимпиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет еңбек пәнінен олимпиада өтті

14.05.2019

Бұл - оқушылардың ауыл шаруашылығына қызығушылығын оятуға арналған жоба. Алматы облысының Нарынқол ауданында болған білім жарысына аймақтағы 5 елді мекеннен 80-ге жуық оқушы қатысты. Олар аграрлық салаға байланысты жасаған ғылыми зерттеулерін көрсетті.

Мысалы, шәкірттер осы өңірде ыңғайлы жылыжай мен көкөніс қоймаларын салу, техника жасау, туристік база құру, мал бордақылайтын фермалар ашу сияқты жобаларды ұсынды. Олимпиаданың қорытындысында жеңімпаз атанған оқушыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Жәнібек Сауранбаев, «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының директоры:

- Балалардың қазіргі қол еңбегіне, жер еңбегіне, аграрлық еңбекке бейімділігі азайып кеткенін байқағандықтан, кейін осының бастапқы шарты ретінда еңбек олимпиадасын ұйымдастырып отырмыз.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу