Елордадағы №69 мектеп-гимназиясында «Жұлдызды жауын» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы №69 мектеп-гимназиясында «Жұлдызды жауын» шарасы өтті

10.05.2019

Елордадағы №69 мектеп-гимназиясының басшылығы оқу ордасындағы дарынды балаларды марапаттады. Мектепте «Жұлдызды жауын» деп аталатын ерекше шара бар. Білім, спорт, өнер арқылы оқушылардың білімі мен өзін-өзі дамытуына сеп болып жүрген жоба осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

 

Салтанатты жиынға мектептегі ең жақсы оқитын оқушылар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары шақырылды. Білім ұясында республикалық және халықаралық сайыстарда жүлделі орын алған жүйріктер көп. Сондай-ақ, спорт додаларында да алдыңғы қатардан көрініп жүргендер баршылық. Олардың саны - 155. Мерекелік шарада олардың дарындылығын танып, талантын ұштаған ұстаздар да ерекше құрметке ие болды.  Оған қоса уақытын бөліп, түрлі үйірмелерге беріп, балаларының алғырлығын шыңдап жүрген ата-аналар да алғыс алды. 

 

Құсни Жүнісова,  №69 мектеп-гимназиясының директоры:

Біздің оқушыларымыз және мұғалімдеріміз  көп іс-шараларға қатысты. Халықаралық, қалалық, республикалық. Ол балаларға да, ата-аналарға да, біздің мұғалімдерге де үлкен әсер етеді. Бүгінгі өсіп келе жатқан балаларымыз - олар еліміздің болашағы.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ   

Хабарламаларға жазылу