3-4-ші сыныптағы 350-ден астам озат оқушы Өскеменде бас қосып, өзара үздіктерін анықтады. Білім сайысы қазақ және орыс тілі, математика, ағылшын тілі, дүниетану және бейнелеу өнері бойынша өтті.
Шараның негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау. Олимпиаданы облыстық Білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізді. Облыс орталығына барлық аудан мен қаладан келген оқушылар бұл күні мәдени-танымдық бағдарламаны да тамашалады.
Милана Матющенко, 4-сынып оқушысы:
- Мен қазақ тілі пәнінен қатыстым. Бұрын екі рет осындай олимпиадаға келіп, бірінші орын алғанмын. Бүгін де мен бірінші орын алуға үміттенемін.
Бекзат Сырлыбаев, 4-сынып оқушысы:
- Үржар ауданы Таскескен ауылындағы Ы.Алтынсарин мектебінен орыс тілі бойынша олимпиадаға келіп отырмын. Сұрақтарға толықтай жауап бердім деп ойлаймын және бірінші орын алуға үміттенемін.
Берік КӨШЕРБАЙ