Алматыда І республикалық Абай атындағы олимпиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда І республикалық Абай атындағы олимпиада өтті

27.03.2019

Оған елдің барлық өңірінен келген үздік оқушылар қатысып, бақ сынады. Әдебиет әлемі алыбының шығармаларын талдаған оқушылардың ең алдымен есте сақтау қабілетіне баға берілді. Сонымен қатар, әңгіме жазуда сөз құрап, сөйлем тудыру шеберліктері де ескерілді.

Жалпы, бұл білімпаздар бәйгесі бұған дейін Дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-интернаты бойынша ғана өткен. Ал, биыл ауқымы кеңейген шара алғаш рет республика көлемінде ұйымдастырылды. Сондықтан үш күнге созылған жарысқа 72 үміткер ниет білдірген. Оларға белгілі абайтанушылар қазылық етіп, қолдау көрсетті. Енді ұстаздар қауымы жеңімпаздарды басқа да деңгейі жоғары байқауларға қатыстыруды жоспарлап отыр.

Шуақ Саянқызы, Абай атындағы олимпиаданың жүлдегері:

- Екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде біз эссе жаздық.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу