«Әліппе» қайта оралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әліппе» қайта оралады

14.03.2019

«Әліппе» оқу бағдарламасына қайта оралатын болды. Нақтырақ айтсақ, келесі жылы енгізіледі. Бұл туралы бүгін  Ақтөбе жұртшылығымен кездесу кезінде Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді. Ата-аналар қауымы бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдады.

Айта кетейік, 2016 жылы елімізде бастау сыныптарға арналған «Әліппе» мектеп бағдарламасынан алынып тасталған  еді. Оның орнын «Сауат ашу» деп аталатын оқулықтар алмастырды. Бұл өзгеріске халықтың басым бөлігі қарсылық білдіріп, осы уақытқа дейін қызу талқыланып келеді.

Жаңадан тағайындалған білім министрі Күләш Шәмшидинова халықтың пікірі ескерілгенін және айтқан талабын алдағы оқу жылында толық орындауға барлық мүмкіндік бар екенін айтты

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

Әліппеге байланысты биылғы оқу жылында үлгермейміз. Келесі оқу жылында әліппе орнына қайтып келеді. Жаңа оқу жылы басталуына аз ғана уақыт қалды қазір кітаптар басылды, басқа басылды елдің есін шығармай келесі жылы әліппені орнына алып келеміз. Енді білімнің сапасы туралы айтып жатырсыздар, әр мектеп білгенін жасайды деп олай емес. Мемлекетте стандарт біреу.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу