Қазақстандық кәсіпкер Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастарына арнайы шәкіртақы тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық кәсіпкер Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастарына арнайы шәкіртақы тағайындады

25.02.2019

Белгілі қазақстандық меценат Оралбек Ботбай Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастарына арнайы шәкіртақы тағайындады. Меценат бірнеше жылдан бері Ресей астанасындағы біздің студенттерді ынталандыру мақсатында оларға қаржылай көмек көрсетіп келеді. Мәселен, биыл Мәскеудегі қазақ жастарының «Жас тұлпар» ұйымы 30-ға арта адамның арасында арнайы байқау ұйымдастырып, соның нәтижесі бойынша 11 үздік студент анықталды. Олар енді бір жылдың көлемінде ай сайын арнайы шәкіртақы алып отырады.

Оралбек Ботбай, меценат:

- 2019 жыл - Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан мен ғана емес, еліміздің кез келген азаматы Елбасының әрбір мақаласын, халыққа ұсынған жобасын насихаттап, жастарға көмек беру керек.

Айша Асанжанова, Маймонид атындағы мемлекеттік классикалық академияның студенті:

- Мен бұл стипендияны ұтқаныма өте қуаныштымын. Өйткені алда көп мақсаттарым бар. Мен музыкант болғандықтан, көптеген байқаулар ойластырған едім. Сол байқауларға қатысу маған өте маңызды болған.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу