30 жыл жұмыс өтілі бар ұстаздар уақытынан бұрын зейнетке шыға алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 жыл жұмыс өтілі бар ұстаздар уақытынан бұрын зейнетке шыға алмайды

25.02.2019

Бұған дейін «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына енгізілген осы ереже құжаттан қайта алынып тасталды. Сондай-ақ, ғылыми атақтар мен дәрежелер үшін қосымша өтемақы да төленбейтін болды. Жыл сайынғы еңбек демалысына тиесілі 2 лауазымдық жалақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы да қарастырылмайды. Білім және ғылым министірлігі мен Салалық кәсіподақ қызметкерлері мұғалім мәртебесіне қатысты құжат жобасын талқылап, өзгерістерді жариялады.

Айгүл Мұқашева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметтері кәсіподақ төрағасының орынбасары:

- Педагогтардың қазір уайымдап отырғаны - заңға керекті қаражат бөлінбесе, онда заң қағаз жүзінде қалып қояды. Жұмыс жасамайды деп ұстаздарымыз күмәнданып отыр. Заң жобасының тағы бір ерекшілігі - әлеуметтік кепілдіктердің көбісі жергілікті атқарушы органдардың құзырына берілген.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу