Алматыдағы мектептерде ерлік сабағы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы мектептерде ерлік сабағы өтіп жатыр

19.02.2019

Алматыда Ауған соғысы ардагерлерінің тізімін өзекті ету жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін тағы 43 отбасы анықталды. Жалпы, биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Ауған соғысының ардагерлері алматылық оқушылармен кездесіп, тағылымды кеш өткізді.

Қазір қаланың барлық білім ошағында ерлік сабақтары өтуде. Осындай маңызды жүздесулердің бірі №113 мектеп-гимназиясында болды. Рухани шараға қатысушылар таяуда дүниеден озған, аты аңызға айналған «Қара майор» Борис Керімбаевты еске алып, 1 минут үнсіздікпен бастады.

Сонымен қатар, олар майданда көрген қиындықтарын айтып, жасөспірімдерді бейбітшілікті бағалауға шақырды. Ал, шәкірттер қайсар жауынгерлердің ерлігі туралы сахналық көріністер қойды. Қазаға ұшыраған ұлдарын күткен ана мен жолдасын жоғалтқан қазақ әйелдерінің сағынышқа толы хаттарын оқыды. Оны тыңдаған ардагерлер көздеріне жас алып, ерекше әсер алғандықтарын жеткізді.

Қожахмет Бірмашов, Ауған соғысының ардагері:

- Ерекше кездесу болды.  Балалардың соғыс қиындықтарын сезініп, түсінуге тырысқаны жүректі тебірентті.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу