Қыздар педагогикалық университеті ауыл мектептерінің білім деңгейін көтеру мақсатында жаңа жоба бастады
Университет жастары енді Алматы облысындағы бірнеше мектепке апта сайын барып, тәжірибелерімен бөліспек. Осы бағытта қазіргі таңда бірнеше мектеп жаңа технологиямен жабдықталып, робототехника сыныптары ашылған. Мұнда жаңашылдыққа бейім жеткіншектердің ғылымға деген қызығушылығын ояту үшін түрлі жұмыстар жасалмақ. Студенттер жоғары оқу орнында алып жатқан ілімдерін оқушыларға үйретеді.
Алмалгүл Ибрайымова, № 40 орта мектеп директорының орынбасары:
- Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша балалардың қажеттігіне қарай білім беруіміз керек. Бала қызығып оқитындай барлық жағдай жасауымыз керек.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
