Ақылы бөлімде оқып жүрген 275 ақмолалық студент тегін білім алатын болды

14.01.2019

Оларға облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалды. Өңірге аса қажет мамандықты игеріп жатқан студенттер, ата-анасынан айырылған және аз қамтылған отбасылардың балалары, ғылым мен спортта жетістікке жеткен белсенді жастар тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Шәкіртақы бір жылға берілді. Гранттар жоғары білім алып жатқандарға ғана қарастырылған. Осы шәкіртақы 2011 жылдан бері беріліп келеді. Бүгінге дейін барлығы мыңнан астам студентке бөлінген.

Дамир Іргебаев, Жастар саясаты бөлімінің басшысы:

- 343 өтінім түсті, солардың ішінен 275 студентке шәкіртақы берілді. Жалпы сомасы 106 миллионды құрады. Стипендияны тағайындау кезінде арнайы комиссия құрылды.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу